Қазақстан әйелдер күресінен халықаралық турнирде екі медаль жеңіп алды

© Olympic.kz

Польшада әйелдер күресінен халықаралық турнир өтті. Бұл жарыста Қазақстан командасы екі медальмен марапатталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Марина Қайпанова-Седнева екінші болды. Бірінші орын поляк спортшысы Роксана Засинаның еншісінде қалды. Анна Андреевна (Румыния) мен Мария Винник (Украина) тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.

59 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Диана Қаюмова "қоланы" жеңіп алды. Бірінші орын Соломия Винник (Украина), екінші - Грейс Буллен (Норвегия). Поляк спортшысы Йовита Вжесень Каюмовамен қорытынды хаттаманың үшінші жолын бөлісті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар