Қазақстандық бұрымды балуанның қырғызстандық спортшыға қол үшін берген видеосы көрші елде көпшілікті сүйсіндірді, деп хабарлайды "Sputnik Қырғызстан".
"Моңғолияда өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының финалында қырғызстандық әйгілі балуан қыз Айсулуу Тыныбекова финалда аяғынан жарақат алып, марапаттау рәсіміне шыға алмаған. Желі қолданушылары видеоға оң пікірлер жазып жатыр. Олар спорт адамдарды біріктіріп, халықтар арасындағы достықты нығайтатынын атап өткен", - делінген видеодағы жазбада.
Кадрда қазақстандық спортшы өздігінен жүре алмай жүрген Айсулууға қонақүйге жетуге көмектескені көрінеді.