Бішкекте күрес түрлерінен Олимпиаданың Азия аймақтық іріктеу жарысы аяқталды. Өзбекстан құрамасы әйелдер арасында алғаш рет Олимпиада жолдамасына қол жеткізді. Тарихи лицензияны қандас қазақ қызы Ақтеңге Кеунимжаева (-50 келі) жеңіп алды.
Балуан қыз белгілі спорт журналисі Телжан Күдеровке берген сұхбатында қазақ екенін айтып, руын да жасырмаған.
"Қазақ боламын. Руым – Әлім. Өзбекстанда туғанмын. Күреспен шұғылданып келе жатқаныма 10 жыл болды", - дейді Ақтеңге.