auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақ дзюдошыларын француз мамандары дайындауда

Қазақ дзюдошыларын француз мамандары дайындауда
©olympic

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командалары бүгінде Азия чемпионатына қызу дайындалуда. Құрлықтық бәсеке қарсаңында ұлттық құрамаға франциялық мамандар қосылды, деп жазады Olympic.kz сайты.

Ксавье Монденкс мен Стефан Трайно тек қана ересектер құрамасымен емес, жасөспірім және жастар командаларымен де арнайы бағдарлама аясында бірге жұмыс істейтін болады.

"Қазіргі таңда дзюдо Францияда өте қатты дамыған, нөмірі бірінші спорт. 2022 жылды қоса алғанда, франциялық дзюдошылар Олимпиада, әлем чемпионаттары мен әлемдік жарыстар нәтижесі бойынша Жапонияны басып озып, бірінші орында тұр. Былтырғы Токиода өткен Олимпиада ойындарында Франция құрамасы Жапонияны финалда ірі есеппен (4:1) жеңіп, аралас командалық есепте Олимпиада чемпиондары атанды.

Қазақстанға келген қос маман осы уақытқа дейін дзюдодан Франция құрамасында жаттықтырушы қызметтерін атқарған. Біреуі спортшылардың физикалық дайындығына жауапты болса, екіншісі жалпы құраманың жүйелі жұмыс істеуіне, құраманың стратегиясына жауапты маман ретінде қызмет атқарған.

Бұған дейін қос маман Алматыда жастар құрамасының оқу-жаттығу жиындарына қатысып, жастармен, олардың күресімен танысты. Қазіргі таңда ерлер және әйелдер құрамасымен бірге Ақмола облысында оқу-жаттығу жиындарына қатысып, ұлттық құрама спортшыларымен жіті танысуда.

Дзюдошылар үшін осы олимпиадалық кезеңге арнайы бағдарлама дайындалған. Ксавье Монденкс пен Стефан Трайно әр спортшымен жеке танысып, бекітілен бағдарлама аясында құрама бапкерлерімен бірге спортшылармен жұмыс істейді.

Құрамаға шетелдік мамандарды шақыру әлемдік тәжірибеде бар дүние. Біздің бүгінгі серіктестігіміз Қазақстан дзюдосы үшін оң нәтиже береді деп сенеміз", - дейді Қазақстан дзюдо федерациясының президенті міндетін атқарушы Асхат Жіткеев.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:

Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар
17 қыркүйек, 13:33
Күрес түрлері
Қазақ балуан ӘЧ жүлдесін жеңіп алды Қазақ балуан ӘЧ жүлдесін жеңіп алды

Жарнама

Жарнама