Қазақ балуаны финалда жеңіп жатып жапонға есе жіберді
©olympic
Аманғали Бекболатов Моңғолияда өтіп жатқан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Аманғали Бекболатов Моңғолияда өтіп жатқан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Грек-рим күресінің шебері 55 келіге дейінгі салмақтың финалында сары құрлықтың соңғы чемпионы жапон Ю Шиотанимен белдесті.
Алғашқы екі минуттың қорытындысы бойынша Бекболатов 2:0 есебімен жеңіп жатқан. Алайда қарымта шабуылға түсіп қалып (2:13) мерзімінен бұрын есе жіберіп алды.
Еске салайық, Аманғали Бекболатовтан бөлек, бүгін тағы төрт отандасымыз жүлделі орындарды сарапқа салады.
Жарнама