| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Күрес түрлері
Бүгін 14:59
 

Қазақ балуаны Будапешттегі рейтингтік турнирдің жеңімпазы атанды

  Пікірлер

blog.share

Қазақ балуаны Будапешттегі рейтингтік турнирдің жеңімпазы атанды ©ҚР ҰОК

Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан рейтингтік турнирде еркін күрес бәсекелері мәресіне жетті.

blog.share

Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан рейтингтік турнирде еркін күрес бәсекелері мәресіне жетті.

Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына бір алтын түсті. 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Едіге Қасымбек финалда польшалық Камиль Томаш Косьчолекті жеңіп, чемпион атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирді жалпы жеті жүлдемен аяқтады. Бұған дейін 61 келіге дейінгі салмақта Асыл Айтақын алтын жүлде жеңіп алған болатын. 74 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа Қайпанов күміс медаль иеленді. Ал Әділет Әлмұхамедов (61 келіге дейін), Нұрданат Айтанов, Мейрамбек Қартбай (57 келіге дейін) және Начын Куулар (65 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, Будапештте әйелдер күресінен де жарыс басталды. Алғашқы жарыс күнінде 50 келіге дейінгі салмақта Зейнеп Баянова қола медаль жеңіп алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!