auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақ балуандары әлем чемпионатында жүлдеге ілікті

Қазақ балуандары әлем чемпионатында жүлдеге ілікті
©kazsports.kz

Қазақ балуандары Әлем чемпионатының соңғы күні тағы 2 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Әлем чемпионатының соңғы күні Қазақстан құрамасының қоржынын еркін күрес шеберлері тағы 2 медальмен толықтырды.

Әуелі 61 келіге дейінгі салмақтағы Асыл Айтақын грузин Рамаз Турманидзені, сосын аса ауыр салмақтағы Әлішер Ерғали мажарстандық Милан Андрас Корчсогты ұтты.

Іріктеуде Асыл ирандық Армин Мехди Хабибзадехсаруколаидан айласын асырғанымен, армениялық Арсен Арутюнянға есе жіберді. Ал жұбаныш кездесуінде  пуэрто-рикалық Джозеф Андрес Сильваға еш мүмкіндік берген жоқ.

Ал аса ауыр салмақтағы Әлішер Ерғали түркіменстандық Зямұхаммет Сапаровты мерзімінен бұрын жеңді. Ал ширек финалдағы әзірбайжандық Вахит Галаевпен болған күрес тартысты өтті. Қазақстандық балуан бір ұпай айырмасымен ғана басым түсті. Ал жартылай финалда Әлішердің жолын Иран спортшысы кесті.

Өкінішке қарай, бүгін қолаға таласқан Мақсат Сатыбалды (86 келі) мен Ризабек Айтмұханның (92 келі) жолы болмады. Испанияда бозкілемге шыққан қалған балуандарымыздың нәтижесі төмендегідей:

Дәулет Теміржанов (57 келіге дейін) іріктеуде моңғолиялық  Мунк Эрдене Батхуягтан ұтылып қалды.

Талғат Сырбаз (70 келіге дейін) ирандық Әмірмұхаммед Бабак Язданичератимен ширек финал жолдамасын сарапқа салып, жеңіліп қалған. Қарсыласы финалға шыққан соң қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған. Алайда мұнда Кота Такахасиден жеңілді.

Ризабек Айтмұхан (92 келіге дейін) алғашқы кездесуде-ақ ирандық Әмірхоссейн Биглар Фируз Пурбандпейдің мықты екенін мойындады.

Юсуф Гафуров (97 келіге дейін) аустралиялық Томас Джон Макглинчи Барнсты ұтқанымен, ширек финалда әзірбайжандық Ислам Ильясов отандасымыздың жолын кесті.

Ұлттық құрама бұл бәсекеде барлығы 4 жүлдеге (1 күміс пен 3 қола) қол жеткізді. Грек-рим күресі шеберлерінен Олжас Сұлтан (60 келі) үздік үштікті түйіндесе, Дәулет Ергеш (79 келіге) финалда грузин Владимир Гамкрелидзеден жеңіліп қалды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар
17 қыркүйек, 13:33
Күрес түрлері
Қазақ балуан ӘЧ жүлдесін жеңіп алды Қазақ балуан ӘЧ жүлдесін жеңіп алды

Жарнама

Жарнама