Күрес түрлері
Бүгін 14:32

Қазақ балуан қытайды жығып ӘЧ жүлдесі үшін белдесетін болды

©ҚР ҰОК

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Бағдат Сабаз Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.

Отандасымыз 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұбаныш белдесуінде Қытай өкілі Цзинь Синьсиньнен басым түсті.

Осылайша, Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін белдесуге мүмкіндік алды.

Айта кетейік, финалдық кезең бүгін, 27 қазанда сағат 18:00-де басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport