Күрес түрлері
18 тамыз 12:21

Қазақ балуан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына өтті

©UWW

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Едіге Қасымбек Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында алтын медаль үшін күреседі.

Ол 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шықты.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы америкалық Коул Мирасоланы 11:0 есебімен ойсырата жеңді.

Шешуші белдесуде Қасымбек ирандық Абольфазл Мохаммад Нежадпен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport