Қазақ балуан Азия чемпионаты финалында өзбекті жықты

©uww.org

Еркін күрес стилінде белдесетін Санжар Досжанов Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

70 келідегі финалдық белдесуде ол өзбекстандық Зафарбек Отахоновты жықты.

Бұл Қазақстан қоржынына түскен төртінші алтын болды. Мұның алдында грек-рим күресінен Ибрагим Магомадов, бұрымдылардан еркін күресте Элмира Сыздықова және Жәмилә Бақбергенова Азия чемпионы атанған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар