Борьба
30 қазан 2020 10:00
 
Қазақ балуан әлемдегі ең мықты он дзюдошының бірі атанды

  Пікірлер

blog.share

Қазақ балуан әлемдегі ең мықты он дзюдошының бірі атанды Сурет: Olympic.kz.

Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Будапештте өткен "Үлкен дуылға" турнирінің қорытындысы бойынша ең мықты он спортшының қатарына кірді,- деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

60 келі салмақта белдесетін Қырғызбаев бірінші айналымда әзірбайжандық Давуд Мамадсойды жықты. Ал екінші раундта венгриялық Давид Наджиге есе жіберіп, жетінші орын иеленді. 

Осылайша, Қырғызбаев 4080 ұпай жинап, өз салмағының әлемдік рейтингінде жетінші болды.

Ғұсман Қырғызбаев ҚР құрамасының мүшесі, 2016 жылы Цюрихте өткен әскерилер арасындағы CISM (Халықаралық әскери спорт кеңесі) әлем чемпионатының жеңімпазы, 2019 жылы Абу-Дабиде өткен "Үлкен дуылға" турнирінде жеңіске жеткен және басқа да әлемдік жарыстардың жүлдегері. 

Жарнама

Живи спортом!