Кәсіпкер тарихи жүлде жеңіп алған Ризабекке қымбат сыйлық жасады

©Видеодан кадр

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан 2023 жылы Белградта (Сербия) өткен әлем чемпионатында алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

92 келіге дейінгі салмақта финалда Айтмұхан әзербайжандық Осман Нұрмагомедовты жеңді. Қазақстан үшін бұл - еркін күрестен әлем чемпионатындағы алғашқы алтын.

Алматыда 19 жастағы чемпионды көпшілік дүркіретіп қарсы алады.

Кәсіпкерлер еркін күрес жанашырларымен бірге еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханды жеңісімен құттықтап, су жаңа көлік сыйлады.

Сонымен қатар тағы бір кәсіпкер құттықтап, ақшалай 2 миллион сыйақымен марапаттады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар