Қазақстандық балуан Асыл Айтақын Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді.
Еркін күрестен 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/8 финалда Әзірбайжан өкілі Нуреддин Новрузовпен кездесті.
Тартысты өткен белдесуде Асыл Айтақын 5:4 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің аяқталуына 0,1 секунд қалғанда отандасымыз 2:4 есебімен ұтылып жатқан еді. Алайда соңғы сәтте сәтті әдіс жасап, есепті өз пайдасына өзгертті.
Осылайша, Асыл Айтақын әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алу үшін күреседі.