Күрес түрлері
Бүгін 13:52
 

Камбэк жасаған Асыл Айтақын әлем чемпионатының ширек финалына өтті

  Пікірлер

blog.share

Камбэк жасаған Асыл Айтақын әлем чемпионатының ширек финалына өтті ©

Қазақстандық балуан Асыл Айтақын Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді.

blog.share

Қазақстандық балуан Асыл Айтақын Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді.

Еркін күрестен 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/8 финалда Әзірбайжан өкілі Нуреддин Новрузовпен кездесті.

Тартысты өткен белдесуде Асыл Айтақын 5:4 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің аяқталуына 0,1 секунд қалғанда отандасымыз 2:4 есебімен ұтылып жатқан еді. Алайда соңғы сәтте сәтті әдіс жасап, есепті өз пайдасына өзгертті.

Осылайша, Асыл Айтақын әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алу үшін күреседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!