Жұлдыз Эшимова Азия чемпионатының жүлдегері атанды

©olympic

Жұлдыз Эшимова Моңғолия астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдеге ілікті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Турнирдің қола медалі үшін өткен белдесуде Жұлдыз Өзбекстаннан келген Ақтенге Кунимжаеваны 5:1 есебімен жеңді.

Еске салайық, осыған дейін құрама қоржынына апалы-сіңлілі Мадина мен Жәмилә Бақбергеновалар өз салмақтарында Азия чемпионы атанды.

Осылайша, Эшимова спорттық карьреасында сегізінші рет сары құрлықтың медалін мойнына тақты. Ол сонымен қатар, 2018 жылы Азия ойындарының күміс медалін еншіледі. Әлем біріншіліктерінде 2008 жылы Токиода және 2011 жылы Стамбулда қола жүлдегер атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар