Борьба
5 шілде 2019 11:39

Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының бірінші күні палуандарымыз Қазақстан қоржынына бес жүлде салды

Иллюстрациялық сурет. © Fightnews.info
Қазақстан астанасындағы "Дәулет" спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.  

14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер жырысына Азияның 300-ден астам балуандар қатысуда. Құрлықтық жарыс грек-рим күресінен басталдыі. Жарыстың алғашқы күні еліміздің жас палуандары бес жүлде иеленді.  

Атап айтсақ, ақтөбелік Саматбек Ізімғали (45 келіге дейін) және 110 келіде белдескен шымкенттік Нұртас Қыдырбай бірінші орын алды. 48 келіде Ерасыл Дәулетбек күміс жүлдегер. Аягөз өңірінің тумасы Исхар Құрбаев (51 келі) және Ерасыл Кенғанов (55келі) қола жүлде иеленді.

Грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша өтіп жатқан Азия чемпионаты төртінші шілдеде басталып, жетінші шілдеде аяқаталады.