Қазақстан құрамасы Ташкентте өтіп жатқан жауынгерлік самбодан жарыстың бірінші күні төрт жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
64 келідегі финалда Рахат Жаңаниет тәжікстандық Хушкадам Хусравовты жеңді.
Ал бірінші алтынды қоржынға 54 келіде Гүлдана Әлмұханбетова салған.
98 келіде Райхан Мәди жарақат салдарынан шешуші айқасқа шыға алмай күміс жүлдегер атанды.
Ал күндізгі сессияда белдескен Болатбек Райымқұлов (58 келі) қоланы қанағат тұтты.