Жансай Смағұлов әлемдік рейтингте үш саты жоғарылады

©olympic

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Анталияда өткен Grand Slam жарысынан кейін әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жаңартылған рейтингте қазақстандық дзюдошылар ішінде Жансай Смағұлов жоғары орында орналасқан. Ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол 10-шы орыннан 7-ші орынға көтерілген. Қазіргі таңда Жансайдың еншісінде 2698 ұпай бар. 

Айта кетерлігі, Анталия татамиінде 73 келіде белдескен ол жарысты бесінші орында аяқтаған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар