Жәмилә сенсация жасаған егізінің ізінше Азия чемпионы атанды

©olympic

Жәмилә Бақбергенова спорттық карьреасында екінші рет Азия чемпионатында топ жарды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Өткен жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері 72 келіге дейінгілер арасында төрт қарсыласын жеңді.

Моңғолиядағы сары құрлық додасында жергілікті Даваанасан Энк Амар, өзбекстандық Светлана Окназарова, үндістандық Никки Никки және жапон қызы Сумир Ниикуралармен белдесіп, әрқайссынан басым түсті.

Еске салайық, Жәмилә Бақбергенова 2020 жылы Нью-Делидегі Азия чемпионатында алтын жүлдегер атанды. 2021 жылы Алматыда өткен Азия чемпионатының финалына дейін жетті.

Аталмыш турнирде Жәмиләның сыңары Мадина Бақбергенова да алтын медаль иеленгенін айта кеткен жөн.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар