auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жәмила Бақбергенованың Әлем Кубогіндегі қарсыластары белгілі

Жәмила Бақбергенованың Әлем Кубогіндегі қарсыластары белгілі
©olympic.kz

10-11 желтоқсан аралығында АҚШ-тың Айова штатындағы Коралвилл қаласында еркін және әйелдер күресінен Әлем кубогі өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Биыл "Xtream Arena-да" алғаш рет ерлер мен әйелдер еркін күрестен бір кешенде жиналып, кім мықтыны анықтамақ.

Бұл сында 72 келіге дейінгі салмақтағы әлем рейтингінің көшбасшысы Жәмилә Бақбергенова Әлем құрамасы сапында күреседі. Әр елдің таңдаулы бозкілем шеберлерінен жасақталған команда В тобында АҚШ және Қытай құрамасымен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Ал А тобында Жапония, Украина мен Моңғолияның бұрымды балуандары өзара күш сынасады.

Қытай құрамасы 72 келіге дейінгі салмақта бір ғана балуан – Цянь Дегенчаганды алып келеді (UWW рейтингінде 12-орында). Жарыс қожайыны АҚШ қыркүйекте Белградта әлем чемпионы атанған Амит Элор мен Скайлар Эллисон Гротені таңдапты. Айта кетейік, Сербия астанасында Жәмилә финалда дәл осы Амит Элорға есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болған.

Жәмилә биыл Халықаралық күрес федерациясы (UWW) бекіткен барлық салмақтағы әлем рейтингінде (72 келі дейінгі салмақты) 1-орынмен аяқтайды. Оның еншісінде 52 000 ұпай бар. Жәмила UWW тағайындаған 5000 АҚШ долларына ие болады. Жәмиләның биылғы жетістіктері: әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы, Ислам ойындарының қола жүлдегері. Болат Тұрлыханов Гран-приінің жеңімпазы.

Ал Амит бір жылда жастар, 23 жасқа дейінгілер және ересектер арасында Әлем чемпионатында топ жарған бірінші америкалық балуан екенін атап өтейік.

Әлем құрамасының барлық балуаны:

А тобындағы құрамалардың 72 келіге дейінгі балуандары:

Моңғолия осы салмақтағы беткеұстары Даваанасан Энх Амар мен Сарнай Баярбаатардың жолына үмітпен қарайды. Украина да өз көшбасшысы Анастасия Алпееваға сенім артады. Ол қазір рейтингте 13 сатыда тұр. 21 жастағы балуан биыл Испанияда 23 жасқа дейінгілер арасындағы Әлем чемпионатында қолаға қол жеткізген.

Бір қызығы, Жапония – бұл салмақта ешкімді апармайды. Бапкерлер Ослодағы Әлем чемпионатының жеңімпазы Масако Фуруичиға да, басқа спортшыларына да демалыс беруді жөн санапты.

Әлем Кубогін жыл сайын Халықаралық күрес федерациясы (United World Wrestling) ұйымдастырады. Мұнда әлем чемпионатында жалпы есепте үздік шыққан 5 құрама мен Жаһан құрамасы (өзге құрамалардағы үздік балуандардан жиналған) күш сынасады.

Айта кетейік, Коралвилл қаласындағы тартысты белдесулерді Халықаралық күрес федерациясының (United World Wrestling) ресми сайтынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
22 қыркүйек 2023, 09:12
Күрес түрлері
© Жәмила Бақбергенова ӘЧ-де жүлде жеңіп алды

Жарнама

Жарнама