Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының финалына шықты

©olympic.kz

Жәмиля Бақбергенова күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

72 келіге дейінгілер арасында отандасымыз жартылай финалда румыниялық Александра Ангелді уақытынан ерте жеңді.

Енді турнирдің финалында Бақбергенова АҚШ өкілі Амит Элормен Белград боз кілемінде алтынға таласады.

Еске салайық, Жәмилә Бақбергенова Азияның екі дүркін (2020, 2022) чемпионы. Сонымен қатар, Норвегия астанасы Ослода 2021 жылы өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар