auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жақсылық Үшкемпіров Кеңсай зиратына жерленді

Балуанымыз 2 тамызда қайтыс болды.

2 тамызда грек-рим күресінен Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем, Еуропа чемпионы, "Барыс", "Құрмет", және "Парасат" ордендерінің иегері Жақсылық Үшкемпіров қайтыс болды.

Бүгін Жақсылық Үшкемпіров Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

"Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Олимпиада чемпионы Жақсылық аға Үшкемпіровты ақтық сапарға аттандырдық. Ол Кеңсайға қойылды. Қаймана қазақты жатсынбай бауырына тартатын. Ұлтты бөлмей сүйетін. Қашан көрсең жарқылдап жүретін. Өзі айтқандай, Жақсылық ағамыздай бес мың жігіт болса, күллі қазақ ауылдарын дүркіретіп көтеруге болады. Аты жаман дерт талай асылымыздан айырды. Ендігі қалған жұртқа Алла амандық берсе екен. Мәңгілік мекенінде боз төбе болып қалды қайран ер! Бақұл болыңыз, Жақсылық аға!", - деп жазды, Берік Уәли.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар