Ислам Бозбаев Азия чемпионатының финалына шықты

©olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Турнирдің жартылай финалында Бозбаев 100 келіге дейінгі салмақта өзбек Отабек Турабоевпен белдесіп, уақытынан бұрын жеңіске жетті.

Айта кетейік, сары құрлық додасында 78 келіде Аруна Жангелдина, 90 келі салмақта Дидар Хамза және 100 келіге дейінгілер арасында Нұрлыхан Шархан қола жүлде үшін күреседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар