Ислам Бозбаев Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанды

©Olympic.kz

Ислам Бозбаев Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

100 келіге дейінгі салмақта сынға түскен жерлесіміз алтын медаль үшін өткен белдесуде БАЭ келген Джафар Костоевке есе жіберді.

Еске салайық, елордадағы сары құрлық додасында Данияр Шамшаев (78 келіге дейін) алтын медальді еншіледі.

Осыған дейін Абуба Абужақынова (48 келіге дейін) финалда қарсыласына есе жіберсе, Мағжан Шамшадин (60 келіге дейін), Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін), Аруна Жангелдина (78 келіге дейін) және Дидар Хамза (90 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар