Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрама командасы Азия чемпионаты алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
Балуандар Алматы облысында орналасқан "Ақбұлақ" орталығында шеберліктерін шыңдауда. Грек-рим күресі шеберлерінің оқу-жаттығу жиындары 16 сәуірге дейін жалғасады.
Айта кетерлігі, Азия чемпионатына Қазақстан сапынан 10 балуан қатысады.
Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар:
55 келі: Аманғали Бекболатов
60 келі: Ернұр Фидахметов
63 келі: Мейрамбек Айнағұлов
67 келі: Мейіржан Шермахамбет
72 келі: Абылайхан Әмзеев
77 келі: Мақсат Ережепов
82 келі: Диас Кален
87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов
97 келі: Санжар Серікқан
130 кг: Әлімхан Сыздықов