Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының капитаны ауысты

©uww.asia

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының капитаны ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Қазақстанның күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан былай капитандық міндетті Қорлан Жақанша атқарады. Қорлан Жақанша Азия чемпионаты, әлем чемпионаты және әскерилер арасында өткен әлем біріншілігінің жүлдегері. 29 жастағы балуан 55 келіге дейінгі салмақта сынға түседі.

Еске салайық, осыған дейін капитан болған Алмат Кебісбаев спорттық карьреасын аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар