Грек-рим күресінен ел чемпионатында балуан азаматтық әрекетімен көзге түсті

Айдос Сұлтанғали. Сурет: olympic.kz©

Алматыда өтіп жатқан грек-рим күресінен Қазақстан чемпионатында балуандардың бірі азаматтық әрекетімен көзге түсті,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Айдос Сұлтанғали (Қызылорда облысы) финалдық кездесуде жарақат алып қалған Ернар Фидахметовты (Шығыс Қазақстан облысы) боз кілемнен көтеріп алып шықты.

Айдос 60 келіге дейінгі салмақта финалдық кездесуде жеңді - 3:1. Қола жүлделер Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе) және Дастан Зарлыховта (Ақмола облысы).

 

Метки:
Жаңалықтар