Грек-рим күресінен екінші қазақ балуан АЧ финалына жетті

©olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы үздіктерінің бірі Нұрсұлтан Тұрсынов Бішкектегі Азия чемпионатына финалына өтті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

87 келі салмақта белдескен Нұрсұлтан жартылай финалда өзбек балуаны Рахымжан Ұзақовты айқын басымдықпен, мерзімінен бұрын жеңді. Есеп - 5:0. 

Финалда Нұрсұлтан Тұрсынов ирандық Насер Гасем Ализадамен белдеседі. Былтырғы Азия чемпионатының ақтық сынында қазақ балуаны ирандыққа есе жіберген болатын. 

Ал 2023 жылы Сербияда өткен әлем чемпионатының ширек финалында Тұрсынов Ализадені 9:4 есебімен жеңді. 

Бішкектегі Азия чемпионатының финалдық кезеңі сағат 17:00-де басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар