Күрес түрлері
31 шілде 10:27

Финалда қырғызды жыққан қазақ балуаны әлем чемпионы атанды

©United world wrestling

Қазақстандық балуан Жанажол Қуанышбек грек-рим күресінен жасөспірімдер (U17) арасындағы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнир Грекия астанасы Афина қаласында өтіп жатыр, ал 16 жастағы Қуанышбек 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

Финалда ол Қырғызстан балуаны Нуркерим Кумарбековтен басым түсті.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының қоржынына күміс жүлделерді Нұрдәулет Құмарұлы (48 кг) мен Нұралы Асқар (55 кг) салса, Шәміл Досбол (65 кг) қола жеңіп алды.

Әлем чемпионаты 3 тамыз күні аяқталады.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport