Рахат Қалжан Моңғолия астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Сонымен қатар, бүгінгі жарыс күні тағы екі отандасымыз боз кілем төріне шығады.
24 жастағы Қалжан 57 келіге дейінгілер арасында Токио ойындарының күміс жүлдегері үндістандық Рави Кумармен белдеседі. Үшінші орын үшін өтетін кездесуде Сырбаз Талғат 70 келі салмақта ирандық Мохаммадмехди Мослем Еганехомжафаримен күш сынасады.
Ал 97 келіде 30 жастағы Мамед Ибрагимов 21 жастағы Жасөспірімдер Олимпиадасының жүлдегері өзбек Мухаммадрасул Рахимовпен қола жүлдеге таласады.