Еркін күрестен Еуропа чемпионы төрт жылға спорттан шеттетілді

©asiarussia.ru

РУСАДА допингке қарсы тұру агенттігі ресейлік еркін күрес шебері Александр Богомаевты спорттан шеттеткенін хабарлады, деп жазады Sport24.ru порталы. 

32 жастағы балуан төрт жылға спорттан шеттетілді. Оның жаза мерзімі 2020 жылдың 4 желтоқсанында басталады. 

Айта кетейік, Богомоев 2020 жылы 61 келі салмақта Еуропаның чемпионы атанған еді. Сонымен қатар, ол үш мәрте Ресей чемпионатында топ жарған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар