Елордада дзюдодан Азия чемпионаты өтеді

© Olympic.kz

4-7 тамыз күндері Нұр-Сұлтан қаласы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Төрт күнге жалғасатын құрлықтық додада татами шеберлері жекелей және аралас-командалық жарыс бойынша өзара мықтыны анықтайды. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне сәйкес өткізілетін жарысқа Азияның 30 елінен 400-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарлануда.

Айта кетерлігі, IJF ережесі бойынша, Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Олимпиадалық рейтингте ұпай сандары қосылады. Атап айтқанда, жеңімпаз 700 ұпайды еншілесе, 2 орын иегері 490, ал 3 орынға 350 ұпайдан үлестіріледі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар