Елдос Сметов төртінші рет әке атанды

©olympic.kz

Дзюдодан екі дүркін Олимпиада жүлдегері әрі әлем чемпионы Елдос Сметовтің шаңырағында тағы бір сәби дүниеге келді. Спортшының жұбайы төртінші баласын дүниеге әкелді. 

Қуанышты жаңалықты әлеуметтік желіде Елдостың өзі бөлісті.

"Қасиетті жұма күнінде төртінші балам дүниеге келді", – деді спортшы.

Бұған дейін Елдос пен жұбайы Балауса екі қыз және бір ер баланы тәрбиелеп отырған болатын. Енді олардың отбасы кішкентай сәбимен толықты.

Елдос Сметов дзюдодан Рио Олимпиадасының күміс, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. 2014 жылғы Азия ойындарының, 2015 жылғы әлем чемпионатының және 2016 жылғы Азия біріншілігінің жеңімпазы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар