Елдос Сметов ӘЧ қола жүлдегері атанды

©olympic

Елдос Сметов Өзбекстанда өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Турнирдің қола жүлдесі үшін өткен белдесуде жерлесіміз өзбек Дильшодбек Баратовтан басым түсті.

Ал дәл осы 60 келіге дейінгілер арасында ел намысын қорғаған тағы бір отандасымыз Мағжан Шамшаддин алғашқы белдесуін италиялық Анджело Пантаноға жеңілді.

Еске салайық, осыған дейін Ташкент татамиінде 48 келіге дейінгі салмақта Абиба Әбужақынова қола жүлдені құрама қоржынына салды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар