Күрес түрлері
13 қазан 2022 07:39

Еденде ұйықтап. Қазақстандық балуандар әуежайда түнеуге мәжбүр болған

©Команда бапкерінің суреті

Қазақстанның жастар құрамасы грепплингтен Испаниядағы әлем чемпионатына аттанып, әуе тасымалдаушының қиындықтарына байланысты Милан әуежайында түнеуіне тура келді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жағдай Миланнан ары қарай ұшу керек болған рейсті алып тастау себебінен болды. Ал әуе тасымалдаушысы жолаушыларды рейстің болмайтыны туралы алдын ала ескертпеген. Салдарынан бүкіл команда Испанияның Виго қаласына жете алмады. Команда әуежайда түнеуге мәжбүр болып, келесі күні ғана консулдық көмегімен турнир өтетін қалаға аттанған. Алайда Миланнан Испанияға дейінгі билетті спортшылар өз қалтасынан төлеу керек болды. Қазақстан тарапы Iberia әуе тасымалдаушысына шағымданып, ақшаны да қайтаруды талап етті. 

Қазіргі таңда команда әлем чемпионатына қатысып жатыр. Құраманың бас бапкері Тоқтар Зауырбектің сөзінше, болған жағдайға қарамастан, балуандарымыз жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport