Дзюдодан Азия чемпионатында қоржынға төрт жүлде түсті

©olympic

Таиланд бұл күндері дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатын қабылдауда. Бірінші күні қазақстандық команда төрт бірдей медальмен марапатталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев "алтын" иеленді. Мерей Махамбетов жарысты екінші орында аяқтады.

66 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Зайзағалиев тұғырдың екінші сатысына көтерілді. Жаңарыс Рахметқали "қола" иегері атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар