Дзюдодан әлем чемпионатында ел намысын қорғайтындар тізімі белгілі болды

©Сали Сабиров, ҰОК баспасөз қызметінен

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар тізімін жария етті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Турнир 6 және 12 қазан аралығында өтеді.

Қазақстандық спортшыларды ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов бастап барады. Сондай-ақ, екі жарым минутта Азия чемпионы атағына ие болған Данияр Шамшаев та бақ сынамақ.

 IJF турниріне Қазақстан атынан баратын спортшылардың толық тізімі:

Ерлер:

60 келіге дейін: Елдос Сметов пен Мағжан Шамшадин;

66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев;

73 келіге дейін: Данияр Шамшаев;

81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар;

90 келіге дейін: Дидар Хамза;

100 келіге дейін: Ислам Бозбаев пен Нұрлыхан Шархан;

100 келіден ауыр салмақта: Ерасыл Қажыбаев.

Әйелдер:

48 келіге дейін: Абиба Абужақынова;

52 келіге дейін: Гаухар Ирмағамбетова;

57 келіге дейін: Севара Нишанбаева;

63 келіге дейін: Мөлдір Нарынова мен Есмигуль Куюлова;

70 келіге дейін: Анастасия Маякова;

78 келіге дейін: Аруна Жангелдина;

78 келіден ауыр салмақта: Камила Берликаш. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар