Дзюдо төрешілеріне арналған халықаралық турнир басталды
Алматыда дзюдодан IJF мамандарының қатысуымен төрешілерге арналған халықаралық семинар басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Алматыда дзюдодан IJF мамандарының қатысуымен төрешілерге арналған халықаралық семинар басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Семинарды Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) спорт директоры Даниэль Ласкау, Армен Багдасаров, IJF төрешілер комиссиясының хатшысы Хюрлия Паскауле және Қазақстан дзюдо федерациясының президентінің міндетін атқарушы Асхат Жіткеевтің жетекшілігімен өткізілуде.
Аталған шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Жапония, Гонконг, Кувейт, Иран, Сауд Арабиясы, Германия, АҚШ, Италия, Әзірбайжан, Түркіменстан, Моңғолия, Тайвань және Тайпей елдерінен 70 төреші қатысып жатыр.
Айта кетерлігі, төрешілерге арналған семинар 15 мамырға дейін жалғасады.
Жарнама