auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Бұйырса, Ұлан ағамның жетістігін қайталаймын". Руслан Әбдіразақов алдағы "Қазақстан Барысы" туралы

"Бұйырса, Ұлан ағамның жетістігін қайталаймын". Руслан Әбдіразақов алдағы "Қазақстан Барысы" туралы
Сурет: ВКонтакте желісінен

Көптен күткен "Қазақстан Барысы" турнирінің басталуына санаулы күндер қалып отыр. Осымен 10-шы рет өтетін дәстүрлі жарыста жүлдеге басты үміткер балуандардың бірі - Руслан Әбдіразақов. Жанкүйерлер лақапатын "Абадан" деп танитын Әбдіразақов әр жылдары аталмыш бәсекеде қола мен күміс жүлделерді қанжығасына байлаған тәжірибелі спортшылардың бірі. Vesti.kz тілшісімен арнайы сұхбаттасқан "Абадан" алдағы жарыс туралы ой бөлісті.

- Руслан, Қазақстан Барысында алға қойған мақсатыңыз қандай?

- Мақсатым – жеңіс тұғырының биік сатысынан көріну. Осыған орай дайындықты жоғары деңгейде өткіздім. Бұйырса "Қазақстан Барысының" 10 жылдығында жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын. Қазақ барысының алғашқы жеңімпазы – ағам Ұлан Рысқұл болса, 10 жылдан кейін ағамның жетістігін қайталаймын деген ішкі түйсік бар.

- Ұлан Рысқұл биыл Алматы облысының іріктеуінде жолын сізге бердім деп айтып еді.

- Ағамыз екеуміз "Қазақстан Барысының" іріктеу турниріне туған өлкеміз Алматы облысының атынан қатысқанбыз. Нәтижесінде соқыр жеребенің қорытындысы бойынша ағаммен бір жұпқа түсіп, ақтық сынға берілетін белдесуде ағам жолын маған берген еді. "Бағыңды сынап көр, осы жолы бұйырып тұрған шығар" деп ақжолтай тілегін айтқан болатын.

- Барыста жүрген балуандардың біразын жақсы танисыз. Бұл жолы қарсыластарыңызды қалай таңғалдырасыз?

- Балуандардың бәрін жақсы танимын. Әр жылдары олармен белдесіп, біразын жеңгенмін. Әрине, есе жіберген кездерім де болды. Физикалық әзірлігім жақсы. Ірі жарыстардағы тәжірибем де жеткілікті. Ең бастысы, таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін деп жаратқаннан сұраймын. Алла бұйырса Барыста барымды саламын.

Еске салсақ, Қазақстан Барысы турнирі 6 шілдеде елордада өтеді. Әр жылдары Ұлан Рысқұл, Айбек Нұғымаров, Бейбіт Ыстыбаев, Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиев және Ержан Шынкеевтер "Барыс" белбеуін белге байлаған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама