Бішкектегі АЧ-нің соңғы күні үш балуанымыз Олимпиадаға жолдама жеңіп алды

©olympic.kz

Күрес түрлерінен Бішкекте өткен лицензиялық Азия чемпионатында Олимпиадаға соңғы жолдамалардың бірін қазақстандық Әлімхан Сыздықов жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР ҰОК.

Грек-рим күресінен 130 кило салмақта сынға түсетін Әлімхан Сыздықов жартылай финалда Қырғызстан өкілі Роман Кимді жеңіп, Париж Олимпиадасының лицензиясын иеленді.

4Бішкектегі турнирде Юрий Мельниченко жаттықтыратын грек-рим құрамасы 3 квота жеңіп алды. Құрама сапынан 60 келідегі Айдос Сұлтанғали, 77 келідегі Демеу Жадыраев және 130 келідегі Әлімхан Сыздықов жолдамаға қол жеткізді.

Ал 67 және 97 келі салмақтағы соңғы жолдамалар Стамбулдағы әлемдік іріктеу турнирінде сарапқа салынады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар