Борьба
27 ақпан 2018 21:43
 
Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды

  Пікірлер

blog.share

Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды unitedworldwrestling.org

Қырғыз елінің астанасы Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Сары құрлықтың басты додасында қазақ балуандары да бақ сынауда.

Бүгін грек-рим күресінен жүлделер сарапқа салынды. Қазақ балуандары 3 қола медаль жеңіп алды.

55 кг салмақ дәрежесінде белдескен Қорлан Жақанша қола медальға қол жеткізді. 77 кг-да белдескен Мақсат Ережепов те қола жүлде иеленді. Хусейн Муцольгов (87 кг) пен Антон Савенко (130 кг) қола жүлдеге таласта жеңілді.

63 кг салмақ дәрежесінде Өзбекстандағы этникалық қазақ балуаны Елмұрат Тасмұратов Азия чемпионы атанды. Ол жартылай финалда отандасымыз Мейрамбек Айнағұловты жеңіп кетті. 8:1 есебімен ұтып тұрған Мейрамбек соңғы минуттарда сылбыр белдесіп, сан соқты. Елмұрат финалда қырғыз Урматбек Аматовты айқын жеңіп, алтыннан алқа тақты. Қола медаль үшін өткен белдесуде Мейрамбек үнді балуанынан айласын асырды.

Елмұрат Тасмұратов Азия чемпионатында төртінші рет топ жарды. Ол Өзбекстанның Бостандық ауданында дүниеге келген. Кішкентайынан күреспен шұғылданған ұлын ата-анасы ОҚО-дағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт интернатында оқытқан. Қазақстан құрамасына ілікпегеннен кейін Өзбекстанға қайта оралған. 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионатында да екі мәрте қола жүлде иеленген.

Айта кетейік, Бішкектегі Азия чемпионаты 4 наурызға дейін жалғасады. Додаға 38 елдің балуандары қатысуда.

Жарнама

Живи спортом!