auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Бірінші кезеңнен өту мұң болды": Еркін күрес шеберлері Осло кілемінен жүлдесіз қайтты

"Бірінші кезеңнен өту мұң болды": Еркін күрес шеберлері Осло кілемінен жүлдесіз қайтты
©olympic.kz

Норвегияның Осло қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда. Ал қазақстандық еркін күрес шеберлері үшін жарыс мерзімінен бұрын аяқталды. Өкінішке қарай, қазақстандық спортшылар еншісінде бірде-бір медаль жоқ. Әсет Серікбаев шәкірттерінің басым бөлігі бірінші айналымнан өте алмады. Ал қола медальға таласқан екі балуанымыз да бесінші орынды қанағат тұтты, деп жазады Olympic.kz

Токио Олимпиадасының ізін ала ұйымдастырылған әлем чемпионаты кіл мықтылардың басын қосты. Жақында ғана жазғы ойындарда жүлде таққан балуандар Осло кілемінен де өз несібесін іздеуде. Мәселен, Токиода қола  жүлдегер атанған америкалықтар Томас Гилман (57 келі) мен Кайл Дейк (74 келі) әлем біріншілігінде қарсылас шыдатпай, өз елдеріне чемпиондық атақпен аттанды. 

Әйгілі Джордан Барроуз биылғы ойыннан сырт қалса да, Осло  бозкілемінде өзінің әлем чемпионатындағы бесінші алтынын алды. 33 жастағы балуан әлі де бабында екенін алдымен Америка біріншілігінде, кейін әлемдік додада дәлелдеп отыр. Бұдан бөлек, тәжірибелі балуанның еншісінде Лондон Олимпиадасының чемпионы атағы бар.  Иә, бір ғана Барроуздың нәтижесін тұтас Қазақстан командасы күні бүгінге дейін қайталай алар емес. 

Ирандық Хасан Язданидың әккі қарсыласы Дэвид Тейлорды әдемі жеңгені де биылғы доданың көркін арттыра түсті. Ал көршілес Қырғызстан балуаны Ерназар Акматалиев бүгін 70 келі салмақта чемпиондық атаққа таласады.

Өкінішке қарай, біз өзге ел балуандарына ғана тілектестік танытып, шеберлігіне таңдай қағып келдік. Өйткені, өзіміздің жігіттердің басым бөлігі жүлде былай тұрсын, бірінші айналымнан өте алмай, жанкүйерді ұялтты. 

57 келідегі Мейрамбек Қартбай, 61 келідегі Адлан Асқаров, 65 келідегі Әділ Оспанов, 70 келідегі Талғат Сырбаз және 74 келідегі Нұрғожа Қайпанов бірінші белдесуінде-ақ ұтылып қалды. 

Қартбай моңғол балуанынан, Асқаров венгриялық қарсыласынан, Оспанов Бахрейн спортшысынан, Сырбаз ресейлік, Қайпанов ирандық балуаннан жеңілді. Өкініштісі сол, біздің балуандарды ұтқан спортшылардың бірде бірі финалға жете алған жоқ. Сол себепті, жұбаныш белдесуіне қатысатын мүмкіндік те ешкімге бұйырмады. 

79 келідегі Болат Сақаев екінші белдесуде белгісіз себептермен Джордан Баррозубен өтетін белдесуге шыққан жоқ. 

Еркін күрес шеберлерінің арасында ең алысқа барғаны – 86 келідегі Азамат Дәулетбеков пен 125 келідегі Олег Болтин. Екі балуан да қола медаль үшін күресіп, қарсыластарына есе жіберді. 

Азамат Дәулетбеков 1/8 айналымда болашақ чемпион Хасан Язданиден 2:12 есебімен ұтылып, жұбаныш белдесуінде Пуэрто-Рико өкілін айқын басымдықпен жеңді. Бірақ қола үшін өткен белдесуде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Артур Найфоновқа шамасы жетпеді. 

Олег Болтин де қолда тұрған қоладан айырылды. Кіші финалда моңғолиялық балуанмен күресіп, есепте алда тұрған ол басымдықты кездесу соңына дейін сақтай алмай, 3:5 есебімен жүлдені қарсыласқа ұстатты. 

97 келідегі Әлішер Ерғали ширек финалда Иран спортшысына есе жіберді. Бірақ Можтаба Голейдж жартылай финалда даңқты Кайл Снайдерді ұта алған жоқ. Осылайша, Әлішердің де азғантай үміті алыстап кетті. Екі жыл бұрынғы әлем чемпионатында Әлішер Ерғали жартылай финалға жетіп, Абдулрашид Саидовтан ұтылған болатын. Демек, екі жылда Ерғалидің де көрсеткіші кейінге кеткен. 

Ал әлем чемпионаты қарсаңында 92 келіде белдесуі тиіс Әділет Дауланбаев жарақатына байланысты Ослоға келген жоқ. 

Бұл біріншілік Токио Олимпиадасынан кейінгі команданың деңгейін шын анықтап берді. Олимпиадаға қатысқан балуандардың барлығы қатарда жоқ, ал олардың орнын басатын спортшылар үшін бірінші кезеңнен өту мұң болуда. Бұл бапкерлерге де, балуандарға да үлкен сын екені анық. 


 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама