auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Боз кілемді сахнаға ауыстырды". Қазақша күрестен әлем чемпионы музыкалық жобада танымал әнді шырқады

Ол Бахыт Шадаевамен бірге жұп болып өнер көрсетіп жатыр.

"Боз кілемді сахнаға ауыстырды". Қазақша күрестен әлем чемпионы музыкалық жобада танымал әнді шырқады
Сурет: Informburo.kz ©
"Қазақстан Барысы" турнирінің қола жүлдегері және қазақша күрестен әлем чемпионы Руслан Әбдіразақов әнші Бақыт Шадаевамен бірге Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлінің танымал "Алло" әнін шырқады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Әбдіразақов қазіргі уақытта Qazaqstan арнасында "Егіз Лебіз" музыкалық шоуына қатысып жатыр. Бұл бұған дейінгі "Екі жұлдыз" бағдарламасының аналогы. Бұл жобада танымал қазақстандық әншілер кәсіпқой емес әншілермен жұп құрап, ән шырқайды. 

Әр турдың қорытындысы бойынша төрешілер ұпай беріп отырады. Ең аз ұпай жинаған жұп жобадан шығады. Рулсан Әбдіразақов пен Бахыт Шадаева жұбы 21 ұпайдан 10 балл жинады. Бірінші айналымда спортшы қауіпті аймаққа түспей, келесі кезеңге өтті. 



Әбдіразақовтан басқа бұл жобаға блогер Динара Сатжан және Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева және басқа тұлғалар қатысып жатыр. 

Айта кетейік, спортшы ретінде Әбдіразақов екі мәрте "Қазақстан Барысы" турнирінің қола жүлдегері атанған. Ал 2019 жылы ол "Әлем Барысы" додасында топ жарды. 






Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар