"Боз кілемді сахнаға ауыстырды". Қазақша күрестен әлем чемпионы музыкалық жобада танымал әнді шырқады
Сурет: Informburo.kz ©
"Қазақстан Барысы" турнирінің қола жүлдегері және қазақша күрестен әлем чемпионы Руслан Әбдіразақов әнші Бақыт Шадаевамен бірге Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлінің танымал "Алло" әнін шырқады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Әбдіразақов қазіргі уақытта Qazaqstan арнасында "Егіз Лебіз" музыкалық шоуына қатысып жатыр. Бұл бұған дейінгі "Екі жұлдыз" бағдарламасының аналогы. Бұл жобада танымал қазақстандық әншілер кәсіпқой емес әншілермен жұп құрап, ән шырқайды.
Әр турдың қорытындысы бойынша төрешілер ұпай беріп отырады. Ең аз ұпай жинаған жұп жобадан шығады. Рулсан Әбдіразақов пен Бахыт Шадаева жұбы 21 ұпайдан 10 балл жинады. Бірінші айналымда спортшы қауіпті аймаққа түспей, келесі кезеңге өтті.
Әбдіразақовтан басқа бұл жобаға блогер Динара Сатжан және Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева және басқа тұлғалар қатысып жатыр.
Айта кетейік, спортшы ретінде Әбдіразақов екі мәрте "Қазақстан Барысы" турнирінің қола жүлдегері атанған. Ал 2019 жылы ол "Әлем Барысы" додасында топ жарды.

Жарнама