Борьба
6 ақпан 20:09
 

Биыл Үндістанда қазақ күресінен әлем біріншілігі өтеді

  Пікірлер

blog.share

Биыл Үндістанда қазақ күресінен әлем біріншілігі өтеді ©baq.kz

26-27 ақпан аралығында Үндістанның Дели қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы кезекті Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

blog.share

26-27 ақпан аралығында Үндістанның Дели қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы кезекті Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биылғы балуандар бәсекесіне 20-дан аса елден 200-ге жуық балуан қатысады деп күтілуде. Екі күнге созылатын чемпионатының бағдарламасына сәйкес, жүзден жүйрік, мыңннан тұлпар спортшылар (ерлер мен әйелдер) 16 салмақ дәрежесінде сынға түсетін болады.

Қазіргі таңда отандық балуандар тартысты додаға өте қызу дайындалуда. Қазақ күресінен ҚР ұлттық құрамасының өкілдері 14 ақпан күні Әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Алматы қаласына бет алады.

Екіжылдықтың басты додасында ел намысын қорғайтын ұлттық құрама сапында Бекжан Төлепов, Жұмажан Қожамбеков, Ерсұлтан Мұзаппаров, Нұрдәулет Жарылғапов, ⁠Зарина Сарипова, Рауза Нұрмахамметова және Роза Нысантайқызы сынды үздіктер бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!