Қазақстан Токио Олимпиадасында күміс жүлде жеңіп алған қырғызстандық Ақжол Махмудовты ұлттық құрамаға тартуға тырысқан. Бұл туралы "Sputnik Қырғызстан" басылымына балуанның әкесі Мухамед Махмудов айтып берді.
- Белгілі қазақстандық балуан Дәулет Тұрлыханов Ақжолды Қазақстан үшін күрессе деп сізге өтініш айтты, қалаған ақшаңызды береміз депті. Рас па?
- Бұл жалған. Дәулет Тұрлыханов ұшырасқан адамым емес. Ол кісі маған ондай ұсыныс айтпады. Өзге ұсыныстар болды, басқа бапкерлер шақырған, Шымкент пен Алматыдан. Үш бөлмелі пәтер, үш мың доллар стипендия, маған еңбекақысы жақсы жұмыс, өзге екі ұлымның жаттығуына жақсы жағдай деген сияқты.
Түркиядан да ұсыныс болды, олар тіпті 200 мың доллар береміз деген. Онда да маған ешкім тікелей келген емес, сырт адамдар арқылы Ақжолға айтқан. Бұл 2017 жылы, сол кезде көп ұсыныс болды.
Ақжол маған бұрыннан айтып қойған "әке мен мекенімді сүйем, қанша ақша берсе де ешқайда бармаймын" деп, ол отаншыл", - дейді Мухамед Махмудов.