Борьба
30 қаңтар 2017 17:26
 
Балуандарымыз Красноярдан құр қол қайтты

  Пікірлер

blog.share

Балуандарымыз Красноярдан құр қол қайтты ©Павел Шарин

Ресейдің Красноярск қаласында атақты балуан Иван Ярыгиннің жүлдесіне арналған еркін және әйелдер күресінен өткен халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
 
Өкінішке қарай, еліміздің атынан сынға түскен балуандарымыздың ешқайсы жүлделі орындарға іліне алмады. 57 келі де бозкілемге шыққан Айдарбек Баймұратов пен Әбіл Усин алғашқы белдесулерінде-ақ жергілікті балуандарға есе жіберді.

Ал 61 келіде  Бек Жақсылықовтың бірінші кездесуінде Шамил Омаров мысын басса, Нұрислам Сана да алғашқы айналымда әлем чемпионы Ахмед Чакаевтан ойсыра ұтылды. Дегенмен, Чакаевтың финалға шығуына байланысты Нұрислам қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алған еді. Отандасымыз бірінші жұбаныш белдесуінде өзбек Аббас Рахмоновтан оңай өткенімен, екінші жұбаныш белдесуінде Виктор Рассадиннің осал тұсын таба алмады. Бұл салмақты тағы бір балуанымыз Тимур Айткулов та ірі жетістікке қол жеткізе алмады. Рустам Абдуррашидовтан айласын асырған Тимур, екінші айналымды Баяр Цыреновқа жеңілді.

65 келіде өнер көрсеткен Дамир Төлеукенов алғашқы айналымда қытай балуанын еш қиындықсыз ұтқанымен, екінші белдесуінде маңғол балуаны Лхамгармаа Нармадахқа есе жіберді. 

70 келідегі Нұрбек Талбудин де алғашқы айналымда Тимур Николаевтан аса алмаса, 74 келіде сынға түскен Болат Сақаев әжептеуір тегеурін танытты. Болат алғашқы айналымда Тажикин Акаевты ұтқанымен, екінші кездесуінде әлем кубогінің күміс жүлдегері Кахабер Хубежтыдан жеңіліс тапты. 86 келіде сайысқа түскен Тимур Өскенбаев та әлем кубогінің жеңімпазы Муслим Дадаевтың қарқынына төтеп бере алмады.

97 келіде Думан Бөлтіріков те бірінші айналымда маңгол Одсурэн Болдбаатарды  ұтқанымен, екінші белдесуінде ирандық қарсыласы Хусейн Горбаналиді  тізе бүктіре алмады.  Бұл салмақта Рио Олимпиадасының чемпионы Кайл Снайдер ешкімге дес бермеді.

Жарнама

Живи спортом!