Бақтияр Байсейітов: "Олимпиадаға кімдердің баратыны әлі нақтыланған жоқ"

сурет: olympic.kz

Көптен күткен Жазғы ойындардың басталуына бір айдам аз уақыт қалып отыр. Осы орайда грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Бақтияр Байсейітов әлі күнге дейін төртжылдықтың басты додасына нақты кімдердің баратыны белгісіз деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

"Әзірге, Олимпиадаға кімдердің баратыны әлі нақтыланған жоқ. Балуандар есімі белгілі болған соң федерацияға және Ұлттық Олимпиадалық комитетке мәлімдейміз. Қазір ештеңе белгісіз", - деді Байсейітов.

Еске сала кетейік, грек-рим күресінен Қазақстан командасы үш салмақ бойынша лицензия жеңіп алды. 60 келі салмақта Айдос Сұлтанғали мен Мейрамбек Айнағұлов, 77 келіге дейінгі салмақта Тамерлан Шадукаев, Асхат Ділмұхамедов және Демеу Жадыраев Олимпиадаға қатысудан үмітті. Ал 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрсұлтан Тұрсынов сөзсіз үздік саналады.

Метки:
Жаңалықтар