Бақбергенова әлем чемпионын жыққаннан кейін алғаш рет пікір білдірді

©olympic

Қазақстандық бұрымды балуан Мадина Бақбергенова Азия чемпионатын қорытындылады, деп хабарлайды Olympic.kz.

"Шүкір, алға қойған максатыма жеттім. Дайындығымызды осы елде шыңдадық. Моңғолияда екі апта оқу-жаттығу жиыны өтті. Бабымда келдім. Әр қарсыласыма дайындалдық. Бапкерім әрқайсысына қарсы тактика қойып берді. Сол әдістерді ұстанып курестім. Бапкерімнің кеңестерін ескердім. Алдымызда үлкен жарыстар күтіп тұр, соларға жақсылап дайындалуды жоспарлап отырмын",-деді спортшы.

Еске салайық, Мадина Бақбергенова Азия чемпионатының финалында әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері қырғыз қызы Мээрим Жұманазарованы жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар