Күрес түрлері
Бүгін 12:35

Бақбергенова әлем чемпионатындағы бірінші белдесуінде қарсыласын таза жықты

©olympic.kz

Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті.

Әйелдер күресінен 72 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз іріктеу кезеңінде Молдованың бұрымды балуаны Эмилия Кречунмен кездесті.

Жәмила қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 13:2 есебімен жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport